Қызғалдақтың отаны Қазақстан. Ал оның Голландияның брендіне қалай айналғанын білесіз бе? Оған себеп Осман империясы. Түркі халықтарының ұлы көшімен Анадолыға келген қызғалдақ көбейіп, түрлене түскен. Ал, ол жерден Европаға қарай таралған. Сондықтан әлем Түркияның қызғалдықтың шын мекені деп біледі. Ал, түріктердің өзі бұл туралы не ойлайды екен? Тілшіміз анықтап көрді.
АЛТЫНБЕК ӘМИТ – ТІЛШІ
- Ыстамбұлдағы Гүлхане паркі Византия кезеңінде әскери қойма болған. Ал, Осман дәуірі басталғаннан соң бұл орын Топкапы сарайына гүл өсіру үшін қолданылды. Қазақстаннан жеткен қызғалдақтар дәл осы жерде түрленіп, мутацияға ұшырады. Дәл қазір сан ғасыр бойы сақталған алаңқай қаз қалбында өз сұлулығын әлі күнге сақтап тұр. Ыстамбұлда қызғалдақ маусымы көктемнің келуін білдіреді. Жыл сайын сәуір айында қаланың ең танымал жерлерінің кейбірі көктемгі қызғалдақтармен безендіріліп, хас сұлулықтың мерекесіне айналады. Ал, Сұлтанахмет алаңында қызғалдақ өсірудің аквакультура әдісімен үлкен гүл кілемі “тоқылады”. Бұл таңғажайып көрініс жергілікті тұрғындар мен шетелдік қонақтардың сүйіктісіне айналған. Айтпақшы нағыз қызғалдақтың отаны Қазақстан екенін шет елдіктер білмейді. Біз кездестірген жандардың барлығы былай ойлайды екен. Хош. Халық білмесе де ғалымдар бұл гүлдің атажұрты Қазақстаннан басталғанын мойындап отыр. Еліміздің оңтүстігін де өсетін қызғалдақтар ешқандай өзгеріске түспеген түпнұсқа екен.
АБДУЛЛАХ ГҮНДОҒДУ ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ
Палмет сақ, ғұн, түрік қағанатынан бастап Орталық Азиядағы барлық түркі мемлекеттерінің өнерінен қызғалдақтарды көреміз.. Батысқа қарай ауған түркі халықтарының көшімен Еуропаға жеткен Қызғалдақтың отаны қазақтың байтақ даласы екенін атап өтуіміз керек. Түркияда әсіресе Осман империясы тұсында 1718-1730 жылдары жаңару кезеңі “Лале” қызғалдақ кезеңі деп аталған. Қызғалдақтың символы түрік өнері мен мәдениетінде ерекше орын алады. Қызғалдақ, пиязды және шөптесін өсімдік, 12 ғасырдан бастап қолөнерде сәндік ою ретінде қолданыла бастаған. Бұл гүлдің өрнектері мешіттерде, құлпытастар мен сарай әшекейлерінде, тіпті тиындарда, жауынгерлік дулығаларда және зеңбірек құймаларында қолданылған. - Егер 18 ғасырдың 1718 - 1730 жылдарында өмір сүріп, себепсіз қызғалдақты жұлсаңыз. Осман әскерилері сіздің басыңызды сол шерде шауып тастайтын еді. Ол кезеңде 1 қызғалдақ бір баспана құнына тең келген. Бақуаттылардың байлықтарының көрсеткіші ретінде бағаланған. Сондықтан қайда жүрсеңізді бұл нәзік жаратылысқа тиіспей тек иіскей өтіңіз.