Түркияға жыл соңына дейін 60 миллион турист келеді деп жоспарланып отыр. Алайда биыл бұл межеге жету өте қиын дейді мамандар. Оған ақпандағы алапат зілзала себеп. Жер сілкінісінен қорқады ма әлде Түркияға деген қызығушылықтары төмендегеннен бе әйтеуір бауырлас елге дәл қазір келушілер саны әжептәуір азайған. Сәйкесінше қонақ үйлер мен туристік орталықтардың да бағасы арзандады.