Түркістан
EN

Қазақстандағы ең бай адамдар кімдер?

1002
06.04.2023

Forbes журналы жылдағы әдетінен танбай әлемдегі ең бай адамдардың рейтингін жариялады. Бұл тізімде қазақстандық алты кәсіпкер бар. Рейтинг бойынша ең бай қазақстандық - Владимир Ким. “KAZ Minerals” иесі жалпы рейтингте 591-ші орында. Оның байлығы 4,6 миллиард долларға бағаланған. Мұнан кейін тізімде 636 орынға жайғасқан ерлі-зайыпты Құлыбаевтар. Экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы мен күйеу баласының байлығы 4,3 миллиардқа жеткен. Өткен жылы әрқайсысының табысы 3,8 миллиард доллар еді. Осылайша бір жылда екеуі де табысын 500 миллион долларға арттырған. Ал Kaspi Bank иегерлерінің бірі Вячеслав Ким де байлығын 1 жыл ішінде едәуір көбейткен. Ол биыл 3,6 миллиард доллар қаржысымен 787-ге көтеріліп отыр. Мұнан кейін Freedom Holding брокерлік компаниясының басшысы Тимур Турлов 3,1 миллиард доллармен тізімге енген. Былтыр 1292-орында тұрған кәсіпкер биыл 949-орынға көтеріліпті. Ал 65 жастағы Болат Өтемұратовтың табысы 100 миллион долларға азайған.