Түркістан
EN

Депутат Бегімбет Байғараев: бұл жолғы мандаттың артында үлкен міндет тұр

521
06.04.2023

Халықтың көкейіндегі мәселелерді билікке жеткізу - басты міндетім. Түркістан облыстық мәслихатына жаңадан сайланған халық қалаулысы Бегімбет Байғараев бұл жолғы мандаттың артында үлкен міндет тұрғанын айтады. Бір мандатты жүйе бойынша сайланған депутаттың есімі Созақ ауданы халқына жақсы таныс. Алғашқы еңбек жолын мал дәрігері болып бастаған азамат бірнеше мәрте аудандық мәслихат депутаты болып сайланған. Хатшылық қызметті де қоса атқарған. Ауыл шаруашылығы саласында да тәжірбиесі мол кәсіпкер. Бегімбек Байғараев алдағы уақытта аудандардағы өзекті мәселелерді билікке жеткізіп, елдің сенімін ақтау жолында аянбай еңбек ететінін айтады.