Түркістан
EN

Ұлы дала квартиранттары: Депутат Дәулет Мұқаев Мәжілісте баспана мәселесін көтерді

99
06.04.2023

Халқымыздың «ұлы дала квартиранттары» атанғаны жаныма батады. Әлеуметтік желіде үйлі болудың сан түрлі жолын үйретіп келген Дәулет Мұқаев депутат ретінде өзінің алғашқы сауалында баспана мәселесіне көтерді. Оның айтуынша: «Отбасы банкі тарапынан жүзеге асырылатын бұл бағдарламаның бастапқы жарнасы – 50% құрайды. Ал жастарға мұндай қаражат жинау қиындық тудырады. Сондай-ақ, «Бақытты отбасы» бағдарламасы елімізде 2019 жылдан бері бар. Оған қазынадан жыл сайын 50 миллиард теңге төңірегінде қаражат бөлінеді. Бүгінге дейін бағдарлама игілігін 8 мыңға жуық отбасы көрді. Несиелеу мөлшері белгіленген аймақтар бойынша 15 миллион теңгеге тең. Алайда көпбалалы отбасыларға берілетін баспана үшін бұл қаражат аздық етеді», - дейді депутат.