Кентау халқының тең жартысы вакцина салдырған. Жыл басынан бері мұнда 40 мыңға жуық тұрғын екпенің 1-ші компонентін қабылдаса, толық қабылдағандар 25 623 адам. Ал облыс тұрғындарының тең жартысы екпе алған. Бұл Түркістан өңірінің – республика бойынша әлі күнге «жасыл» аймақта тұруының бірден-бір себебі дейді мамандар.