Түркістан облысында шетелге бензин мен дизель әкетудің 94 фактісі тіркелді. Бұл туралы ҚР қаржы министрлігі мәлімдеді. Атап айтқанда Түркістан облысында 2 341 литр бензин мен 25 335 литр дизель отыны тәркіленген. Оларға 1,5 млн теңгеден астам айыппұл салынып, өндірілген. Еске сала кетейік, Энергетика, Қаржы, Ішкі істер министрліктерінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен бұйрығына сәйкес, мұнай өнімдерін Қазақстан аумағынан автомобильмен әкетуге алты айға тыйым салынған.