Түркістан
EN

Түркістан облысында қатты жел бірқатар нысанның шатырын жұлып әкетті

150
04.04.2023

Қатты соққан жел түркістандық тұрғындарды әуреге салды. Екі күн бұрын басталған желдің күші секундына 24 метрге дейін жеткен. Салдарынан Түркістан қаласының 80 пайызы жарықсыз қалды. Ал, 109 байланыс орталығына 2000-нан астам қоңырау келіп түскен. Жел салдарынан зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру жұмыстары қалай жүзеге асып жатыр? Тілшіміз көріп келді.