Түркістан облысында 100-ге жуық кәсіпкерге шара қолданылып, 28 млн. теңге бюджетке қайтарылды. Олар «artsport» бағдарламасының қаржысын тиімсіз жұмсап алаяқтыққа жол берген. Қатаң бақылаудың нәтижесінде тағы 26 кәсіпкер өз жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аппарат мәжілісінде айтты.Одан бөлек, өңір басшысы жауаптыларға облыстың барлық аймағында оқушыларға толықтай жағдай жасалуы керек,- деп тапсырма берді.