Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда көш соңында қалған аудандардың басшыларын сынға алды. Оларға тапсырмалар жүктеп, жұмысты күшейтуді тапсырды. Аймақтардағы біраз өндіріс алаңдарының жұмысы тоқтап тұр. Жолы толық бітпеген, су, газ, кәріз жүйесі аяқталмаған нысандар жетерлік. Өңір басшысы облыстағы 9 индустриалды аймақтың жұмысын жандандыруды қадап айтты.