Түркістан өңіріне туристерді тартатын көрікті жерлердің бірі – көне Сауран қалашығының орны. Жұрт оның он алтыншы ғасырдан бері сақталып қалған қабырғаларын көргісі келеді. Әйтсе де бүгінде келушілер жолына кедергі болып тұрған бір мәселе бар, ол – тарихи мекенге кіретін арнайы бұрылыс аймағының жоқтығы. Сол себепті бүгінде Сауран қалашығына кіру мұң болып тұр.