Оңтүстік Кореяда қашып кеткен Қазақстанның екі азаматы 15 жылға дейін сотталуы мүмкін. Түркістандық азаматтың екеуі де өз істерін мойындады. Қазір қамауда отыр. Олар тергеу кезінде Қазақстанда күн көріс қиын екенін, отбасын асырау мақсатында Кореяға заңсыз өтпек болғандарын айтқан. Отандастарымыздың бірі, яғни, 2002 жылы туған Үмиджан Нарзуллаев жақында елге депортация жасалады. Ал, 3 күн бой іздеуде болып, өз еркімен берілген Нұрсұлтан Ырысбаев Оңтүстік Корея түрмесіне үш айға қамалады. Бұл елдің заңнамасы бойынша ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алайда, Нұрсұлтанның өз еркімен берілгені де есепке алынатын болды. Айта кетейік, Қазақстан азаматтарының бұл әрекеті Оңтүстік Корея жұртшылығының наразылығын тудырып, осы оқиғадан кейін сол елде еңбек етіп жүрген 23 қазақстандық жұмыстан шығарылыпты.