Түркістанда олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған ХХІ халықаралық турнирі басталды. Биылғы спорттық сайыс бұрыңғыдан өзгерек. Себебі турнир тарихында алғаш рет нәзік жандылар да жұдырықтаспақ. Былғары қолғапты бұрымдылар 5 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Спорттық сайыста Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан спортшылары бақ сынайды. 200 ден астам былғары қолғап шеберлері 13 салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетеді. Турнир Бекзат Саттархановтың туған күні 4 сәуірге дейін жалғасады. Түркістан облысы әкімінің орынбасары сайысқа арнайы келіп, спортшыларға сәттілік тіледі.