Мектеп бағбаны су жаңа депутат атанып, төсбелгі тақты. 35 жастағы азамат Түркістан Облысы Сайрам ауданының тұрғыны екен. Күні кеше мәслихат отырысының 8 шақырылымының алғашқы сессиясына қатысты. Бағы жанған халық қалаулысының алдағы жоспары қандай? Осыдан 10 жыл бұрын шыққан бұл интермедия талайды топан күлкіге қалдырған болатын. Дәл осындай гүл қырқатын кейіпкер Түркістан Облысы Сайрам ауданында бар. Бірақ азамат шын мәнінде гүл қырқып, ауланы әсемдейді. Бірақ күні кеше Су жаңа мәслихаттың депутаты атанды. Соңғы үлгідегі костьюм-шалбар киген бұл азаматтар Сайрам ауданының мәслихат депутаттары. 25 халық қалаулысы бүгін бір-бірімен алғаш рет кездестіп отыр. Арасында мектептің бау-бақшасын қарайтын бағбан да бар. 3 баланың әкесі әлі күнге дейін депутат болғанына сенбейді.
КАМАЛИДДИН ТАЖИЕВ- САЙРАМ АУДАНЫДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Гүлдерге жаны құмар азамат бос кезді, мектеп ауласын абаттандырумен айналысады. Ендігі арманы Ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал жасау. Ал ата кәсіпті бағбаншылықты еш тастамайтынын айтты. Мектепте жұмыс жасайтын әріптестрі де бағбаншы депутат болатынына әу баста сенбеген. Тіпті бос әурешілік деген ойда болған.
ОХУНЖОН ТАДЖИМЕТОВ- Т.РҮСТЕМОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ МҰҒАЛІМІ
Осылайша Сайрам Ауданының Мәслихат депутаттары қатарынан ерекше жандарды білдік. Ал оның қалай жұмыс жасайтыны уақыттың еншісінде.