Шардара ауданында ауыл шаруашылығын дамытуға барлық мүмкіндік бар. Жайылымдық жерлер мен суармалы егістік алқаптары да жетерлік. Халықтың әл-ауқатын көтеру үшін былтыр ауданда 10 инвестициялық жоба іске қосылған. Биыл тағы 7 ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Шардара жұртшылығымен жүздескен облыс басшысы Дархан Сатыбалды ілкімді жобаларға тоқталып, атқарылар шаруалардың бар екенін де айтты. Шағалалы өлкеде тағы қандай тындырымды істер бар? Әріптесім тарқатып айтсын.
Алтын құмы мен сазан балығы, су қоймасымен танымал Шардара ауданында ауқымды жобалар қолға алынған. Былтыр өңірде 1160 жаңа жұмыс орны ашылып, 4 мыңнан астам тұрғын жұмыспен қамтылды. Өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі артып, 17,6 млрд теңгеге жеткен. Аудан экономикасын көтеру мақсатында тартылған инвестиция көлемі де артқан.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
10 инвестициялық жоба (күрішті терең өңдеу цехы, инкубациялық цехтар және т.б.) іске асырылып, 118 жаңа жұмыс орындары ашылды.Осы жылы 3,6 млрд. теңгеге 7 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.Яғни, тігін фабрикасы, мақтаны өңдеу және май шығару зауытының құрылысы және өзге де жобалар бойынша 200-ден астам жұмыс орны ашылады.
Аудан халқының негізгі табысы – ауыл шаруашылығы саласы. Кездесуде аграрлы өлкенің тұрғындары облыс басшысынан ескірген немесе істен шыққан тік дренаж ұңғымаларының жаңаруы өнімді көптеп алуға мүмкіндік берер еді деген өтініштерін жеткізді. Жердің сор басуының алдын-алу үшін тиісті мекеме басшыларына ескерту жасаған Дархан Сатыбалды ауданда өнімділікті арттыру мақсатында жаңа жоба қолға алынғанын айттыү
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
суармалы жер көлемін ұлғайтуда «Жаушықұм алқабын игеру» жобасы жүзеге асырылуда. Шардара су қоймасына арнайы сорғы насостар орнатылып, жаңа каналға су жеткізілетін болады. Нәтижесінде, 12,2 мың гектар суармалы жер игеріліп, егіншілікпен қатар, қайта өндеу, жылыжай, балық шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.Жоба толық іске асырылған кезде жылына қосымша 14 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі деп күтілуде.
Тұрғындарды алаңдатқан мәселелер біртендеп өз шешімін табуда. Көктем мезгілі келгенде шыбын-шіркейдің көбеюі өзекті мәселеге айналған болса, оларды залалсыздандыру ісі кешенді түрде қолға алынуда. Сондай-ақ, тұрғындар «Ауыл ел бесігі» бағдарламасының рахатын көре бастаған. Аталған бағдарлама аясында мәдениет ошақтары мен тұрмыс тіршілікке қажетті газ,су, жарық тартылған. Көтерілген мәселенің шешіліп жатқанына тұрғындар өз ризашылықтарын білдіруде.
ҚЫСТАУ ІЛЕСОВ АУДАНДЫҚ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Денсаулық сақтау саласына да көңіл бөлінуде. Былтыр 1,6 млрд теңгеге қалалық емхананың құрылысы аяқталып, заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мекеме бұқараның денсаулығын жақсарту үшін қызмет жасауда. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы аясында 2 мектептің құрылысы биыл басталады.