Түркістан
EN

Түркістандық кәсіпкерлер қағазбастылыққа шағымданып жатыр

182
31.03.2023

Түркістандық кәсіпкерлер қағаз бастылықтан арыла алмай жүр. Айтуынша жауаптылар мәселесін айтып келгенде бір-біріне жөн сілтейтін көрінеді. Бұл туралы Түркістандық кәсіпкерлер мен Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесі мен Туристтік сала комитетінің бірлескен отырысында айтты. Онда кәсіпкерлер мен жауапты сала мамандары арасындағы байланысты нығайта отырып, мәселені шешу көзделді. Облыс әкімінің орынбасары да кемшіліктердің көп екенін растап отыр. Дегенмен заң аясында қызмет ететіндігін, кәсіпкерлердің ұсыныс-шағымын тез арада бірлесіп шешуге тапсырма берді.