Арнамызда жаңа жоба. Рамазан айы енген сәттен көрші-қолаңды аралап, жарамазан айту дәстүрі басталған болатын. Біз де ескі дәстүрді, жаңғыртып, көпті көрген қариялардың батасын алып, ғибаратты әңгімелерін тыңдау үшін күн сайын бір үйге жарамазан айтамыз. Арнамыздың тілшілері Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлының шаңырағына жарамазан айтты.