Токио жазғы олимпиада ойындарындағы қазақстанның қоржыны төртінші қоламен толықты. Бокстың жартылай финалында 91 келіден жоғары дәрежесінде қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев америкалық Ричард Торреспен қолғап түйістіріп өкінішке орай жеңіліп қалды. Десек те, ойын тартысты өтті. Бірінші раунд қорытындысы бойынша, 5 төрешінің 4-і Торреске басымдық берсе, екінші раундта жерлесіміз нокдауын алды. 3 раундта болса америкалық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржыны 4-і қоламен толықты.