Түркістан
EN

Әлихан Смайылов қайта премьер-министр болып тағайындалды

101
31.03.2023

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Смайылов қайта премьер-министр болып тағайындалды. Сайлауда жеңіске жетіп, басым дауыс жинаған «AMANAT» партиясы Президентке Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынған болатын. Заңға сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынылған кандидатура бойынша Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен кеңесті. Кейін төменгі палатаның жалпы отырысында халық қалаулылары дауыс берді. Жиынға қатысқан 97 депутаттың 82-сі Смайыловтың кандидатурасын жақтады.