Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды үш жүздің басы қосылған Ордабасы ауданының жұртшылығымен жүздесіп, өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Ауданда өткен жылы өнеркәсіп саласында 32,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Тарихи өлкеде былтыр 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, 5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі едәуір артып, 33,9 млрд теңгеге жеткен.