Ордабасылықтармен жүздескен облыс әкімі жоспарлы сапарын Қазығұрт ауданында жалғастырды. Аудан тұрғындарымен бұған дейін болған кездесуде көтерілген 8 мәселенің барлығы өз шешімін тапқан. Дархан Сатыбалды кездесуде тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, аймақты дамыту бағытындағы жоспарларын айтты.