Парламент мәжілісіне Түркістан облысы атынан бір мандаттық округ бойынша үш депутат сайланды. Енді Қайрат Балабиев, Ұласбек Сәдібеков және Тимур Қырықбаев Парламент мәжілісінің су жаңа депутаттары. Бүгін Парламенттің бірінші отырысына қатысқан халық қалаулыларымен біздің телеарнамыздың тілшілері байланысқан еді. Бүгінгі отырыстан алғаш әсерлері қандай екен? Бірге білейік.