Жаңадан сайланған мәжіліс депутаттары ант берді. Сосын Мәжіліс төрағасы етіп Ерлан Қошановты сайлады. Оның кандидатурасын депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов ұсынды. Кейін халық қалаулылары қағаз бюллетен арқылы жасырын дауыс берді. Бұл рәсім үшін есеп комиссиясы құрылды. Кабиналар жабдықталып, ашық сайлау жәшігі орнатылды. Нәтижесінде Мәжілісмендер ұсынылған кандидатураны бірауыздан қолдады. Төменгі палата төрағасының орынбасарлары болып депутат Альберт Рау мен Дания Еспаева тағайындалды. Ерлан Қошанов депутаттық корпусқа сенім білдіргені үшін алғысын білдірді.