Түркістан
EN

Мемлекет басшысы Үкімет пен Парламенттен не күтетінін айтты

127
29.03.2023

Халықтың тұрмыс сапасы әлі күнге дейін жақсы емес. Құқықтық әділетсіздік белең алды. Бай мен кедейдің арасы алшақтай түсті. Бүгін Парламенттің жаңа сайланған 8-і шақырылымының бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Мемлекет басшысы, жаңа сайланған депутаттарға көп үміт артып отырғанын жеткізді. Себебі, алдағы 5 жыл Ел тағдыры үшін маңызды болмақ. Ал оның қалай болмағы тікелей халық қалаулыларына байланысты.