Түркістанда күніне 1000 доллар табыс табуға болады. Бұл Рухани астанадағы кәсіпкерлердің карантин кезіндегі кірісінің көлемі. Көрсетілген қаражат демалыс күндері еселене түсетін көрінеді. Бизнес өкілдерінің ісін дөңгелетіп кетуіне облыс орталығына келетін туристер санының артуы мен мемлекет көрсетіп отырған қолдаудың пайдасы орасан екен.