Түркістан
EN

Түркістанда жарылыстан ауыр жарақат алған 4 адам қайтыс болды

108
29.03.2023

Түркістан қаласында болған жарылыстан жарақат алған бүтін бір отбасының мүшелері қаза тапты. Денесін толықтай күйік шалған үш бүлдіршін мен олардың анасы бір апта бойы өмір үшін күресті. Өмір мен өлім ортасында жатқан жандарды аман алып қалу мүмкін болмады. Жансақтау бөлімінде жатқан балалардың жаназасы кеше шығарылды. Ал, анасы 27 наурызда жан тапсырыпты. Бүлдіршіндердің ең үлкені 5 жаста болса ең кенжесі 2 жаста еді. Төтенше жағдай кезінде отағасы елде болмаған. Қара жамылған отбасы мүшелеріне Түркістан телеарнасының ұжымы атынан көңіл айтамыз.