Қазақстанның 2 азаматы Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп, Инчхон халықаралық әуежайынан қашып кетті. Қазір жергілікті полицейлер олардың біреуін ұстады, ал екіншісін әлі де іздестіріп жатыр. Қос отандасымыз да Оңтүстік Кореяға 24 наурызда келгені анықталды. Олар Ташкент қаласынан «Koreana» әуекомпаниясының рейсімен ұшқан, кейін депортациялық рейсті күтіп отырғанда автобустың терезесін сындырып қашып кеткен. Бұл оқиға Оңтүстік Кореяда қоғамдық резонанс тудырған. Инстаграмдағы Корея Көмек парақшасын жүргізетін азаматтың айтуынша, Оңтүстік Кореяда қашып жүрген отандасымызды ұстау үшін жергілікті билік 30 млн вон яғни 10 млн теңгеден астам қаражат сыйақы тағайындаған.