Түркістан облысындағы Қарнақ ауылында өсіп тұрған 1300 жылдық тарихы бар тұт ағашы биыл да бүр жарды. Ортасы кеулеп кетсе де жыл сайын жан-жағындағы жаңа бұталары жайқалып тұр. Тамыры тереңге жайылған тал - жергілікті халықтың мақтанышы. Ерекше ағашты көруге еліміздің түкпір-түкпірінен, сондай-ақ алыс-жақын шетелден келетіндер де көп. 13 ғасырдан бері өсіп тұрған тұт ағашының қандай құпиясы бар? Назым Қайратқызы айтып берсін.