3 балдық зілзалаға шыдамай Шымкенттегі жаңа үйлердің қабырғасы қақырады. Мемлекеттік бағдарламамен 4 жыл бұрын ғана үйлі болған Шымситиліктер қазір пәтерге кіруден қалған. Ал, құрылыс басқармасының басшылығы бұл қалыпты жағдай дегенді алға тартады. Сөздерінше, тұрғын үйдің жарылғанында тұрған ештеңе жоқ.