Түркістанда Орта Азия мемлекеттері студенттерінің арасында I халықаралық дебат турнирі өтуде. Пікірсайыстың өтуіне БҰҰ-ның ЮНФПА қоры ұйытқы болуда. Турнирде 5 мемлекеттен келген 46 студент өзара бақ сынауда. Іс-шараның басты мақсаты – студенттер арасындағы достық байланысты нығайтып, қоғамның өзекті деп танылған мәселелеріне тереңірек үңілу. Ұйымдастырушылар бұл дебат турнирін алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізуге ниетті.