Түркістан облысында қызылша ауруы дендеп барады. Вирустық жұқпалы дерт Түркістан, Кентау, Сауран аудандарында 16 адамнан анықталған. Оның 13-і зертханалық жолмен расталды. Науқастардың басым көпшілігі балалар. Вирус көктем күз айларында белең алады. Сондықтан мамандар міндетті түрде қызылшаға қарсы екпе алу керектігін айтады.