Түркістан
EN

Америкада бетперде кию міндеттелді

50
05.08.2021

Вакцина алған америкалықтарға қайтадан қоғамдық орындарда бетперде кию міндеттелді. АҚШ науқастарды бақылау және алдын алу орталығы тіпті үйде де масканы шешпеу қажеттігін айтады.  Бұл талап әсіресе, «Дельта» штамы тарала бастаған өңірлерге қатысты. Себебі бүгінде індет елдің 63%-ына таралып үлгерген. Ал бұған дейін агенттік мамыр айының басында толық екпе егілген адамдарға бетперде киюдің қажеті жоқ екенін айтқан болатын.  Бұл ереже екпе алған  балабақшалар мен мектептерде, соның ішінде балаларға, тәрбиешілер мен мұғалімдерге қатысты. Сонымен қатар,  күзде барлық оқушы онлайн сабақтарынан бас тартып, күндізгі білімге қайта оралуы керектігі  ескертілді.