Түркістан
EN

Түркістанда 9 күн бұрын өзенге құлап кеткен 4 жасар қыздың денесі табылды

99
27.03.2023

Түркістан облысында өзенге құлап кеткен 4 жасар қыздың денесі 9 күннен соң табылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бүлдіршіннің денесі оқиға болған аймақтан 10 шақырым жерден табылған. Қыздың денесін өзен бойынан жергілікті тұрғындар алып шыққан. Айта кетейік, Арыс өзеніне ойнауға барған 4 жасар қызды 17 наурыз күні сағат 17:00 шамасында су ағызып әкеткен болатын. Содан бері іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп келді.