Түркістан облысына бас имам тағайындалды. Бұл қызметті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен енді Ержан Төлепов атқарады. Мүфтият өкілдері дін қызметкерлеріне бас имамды таныстырып, дін саласындағы жұмысына сәттілік тіледі. Айта кетсек, Ержан Төлепов осыған дейін бірнеше өңірде имамдық қызмет атқарды. Сондай-ақ, медреселерде ұстаздық етті. 2016-2023 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Абай Құнанбайұлы мешітінде имам болды.