Түркістан
EN

Референдум сәтсіз аяқталды

106
05.08.2021

Мексика Президенті ұйымдастырған референдум сәтсіз аяқталды. Лопес Обрадор мексикалықтардың сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін бұрынғы бес президентті қудалауды қаншалықты қалайтынын білгісі келген еді. Алайда тұрғындардың небәрі 7%-ы ғана оған дауыс берген. Ал стандартты дауыс беру үшін сайлауға ең кемі  халықтың  40%-ы қатысуы керек. Салдарынан 25 миллион доллар шығын болды. Сыншылардың пікірінше, мексикалықтар бұл сұрақ түсініксіз болғандықтан дауыс беруге қатыспаған.