Түркістан
EN

АҚШ Қазақстанға пандемия кезінде 7 млн долларға гуманитарлық көмек көрсеткен

68
26.05.2021

Биыл АҚШ пен Қазақстанның дипломатиялық байланысына 30 жыл. Осы уақыт аралығында АҚШ компаниялары елімізге 30 млрд. доллар шетелдік тікелей инвестиция тартты. Бұл қаражаттың көп бөлігі  мұнай-газ саласына салынды. Сондай-ақ,  АҚШ Үкіметі Қазақстанға COVID-19 індетімен күреске 7 млн. доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткен. Мұны Түркістанға  келген АҚШ-тың Бас консулы Эрик Майер мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Ақ үйдің ресми  Кремльге салған санкцияларына Қазақстанға салған әсері туралы да айтып берді.