Шардара ауданында бес саусағынан өнер тамған шебер тұрады. Бақытжан Керімбековтің қолынан шыққан ер-тұрмандар 3 миллион теңгеге дейін сатылған. Ең бағалы ат әбзелдерінің ерекшелегі неде, олар қалай жасалады? Әріптесім Айдана Дүйсенбаева біліп келді. «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі». Бақытжан Керімбеков те ата кәсіпті жалғап келе жатқан 3-ұрпақ. Шебердің қолынан ат әбзелдері мен ер-тұрманның түр-түрі шыққан. Олардың ішінде "қырғыз" ер-тоқымына сұраныс жоғары екен. Себебі, ол көкпаршыларға арнап жасалады екен. Әрі бағасы да қолжетімді. Ер-тоқымдардың құны 3 миллионға дейін барады екен. Бақытжанның шеберханасы жылқы мен ат спортшыларына қажетті дүниелерге толы. Тіпті, тақымды таралғы жемеуі үшін тігілген арнайы етіктер де бар. Көкпаршыларға арнап киім де тігеді. Бәрі денеге қонымды, әрі ыңғайлы. Бақытжан бұл өнерді жасөспірім кезінен үйренген. Басқа мамандықты игерсе де, атакәсіпке қайта оралған. Соңғы бес жылдан бері ауылдағы көкпаршылар мен жылқы бағатындардың сұранысындағы дүниелерді әзірлеп келеді.
БАЙМАХАМБЕТ КИШТАЕВ – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Бұрын етікке киіз орайтын едік. Қазір міне ініміз осы... Қазір көкпардың қызған шағы. Осыған орай тапсырыс та 2 есе көбейген.
БАҚЫТЖАН КЕРІМБЕКОВ – ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Қазір жақсы көңіл бөлініп жатыр. клиент көп. Тігіп жатқаным мына тартпа деп аталады.
Қолынан өнері тамған шебер тынымсыз еңбегінің арқасында отбасын асырап отыр. 5 жастағы ұлының әкесіне қолғанат болғанын көріп, тағы бір ұстаның өсіп келе жатқанын байқадық.