Түркістанда жекеменшік үйдегі жарылыстан зардап шеккендер әлі де хәл үстінде жатыр. Естеріңізге сала кетсек, 21 наурыз күні жеке тұрғын үйде газ шығып, жарылыс болған еді. Нәтижесінде бір отбасының 4 мүшесін күйік шалып, олар ауруханаға жатқызылды. Қазір жарылыстың нақты қандай газ түрінен болғаны анықталуда. Тұрғын үйдегі жарылыс әуелі әлеуметтік желілер арқылы таралды. Түсірілім тобымен дереу барғанымызда баспанының қабырғадан басқа бөлшектері көзге ілінбеді. Үйдің іші үйіндіге айналған. Үйдің сау тамтығын қалдырмаған алапат жарылыстан адам қалай аман қалған дерсіз? Алайда тілсіз жаудан зардап шеккен отбасы мүшелерінің қазіргі жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.
ҰЛЫҚБЕК ФАРХАТҰЛЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ТРАВМАТОЛОГ ОРТОПЕДІ
« Олар сразу жан сақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайлары өте ауыр. Біреуінің 85-86 пайыз күйік шалған денесін. Бір науқас 65 пайыз. Бір науқас 61 пайыз. Бастың, дененің екі аяқ қолдың барлық бөліктерін екінші үшінші а,б дәрежеде. Тоесть терең отпен күйігімен жатыр. Науқасқа түскен кезде жедел медоперация көмегімен облыстық балалар ауруханасының мамандары шақырылды. Оқиғаны өз көзімен көріп, көмекке ұмтылғандардың бірі Жансейіт Камалов. Ол жалындаған от ішіне еніп отбасы мүшелерін кезек кезегімен құтқарған.
ЖАНСЕЙІТ КАМАЛОВ АЛҒАШҚЫ ҚҰТҚАРУШЫ
«іші түтін адам көрінбейді. Әпшеге айтамыз қанша бала шағаңыз бар деп. Үшеу дейді да талып қала берді. Сонымен үш баланы алып шықтық. келіншек уже кілемге жабысып қалған да уже денесі күйіп оны паласпен көтеріп алып шықтық. Сөйтіп іштегі бүкіл адамды алып шықтық.» Айта кетсек, 2022 жылдың 23 қарашасында берілген техникалық шарт негізінде жекеменшік мердігер мекеме тарапынан құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізген. Алайда, газ желісін қостыруға төлем жасамауына байланысты тұтынушыға желі қосылмаған. Кейіннен отбасы желіні өз бетінше қосқаны анықталып отыр
ҒАНИ БАЛҒЫНБЕК ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» АҚ ЖАМБЫЛ ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯ БАСШЫСЫ
« Бұл жағдайда абонент құжатын толықтай аяқтамаған, Заявка түспеген. Соған қарағанда абонент өз еркімен газға қосылған. Екінші тараптан тағы да бір айта кетерлігі бұл үйден пропан газы шықты 25 литрлік сығымдалған газ. Бұл жерде тамақ дайындауға сол газды пайдаланған. Енді жарылыс сол газдан болуы мүмкін.» Қазір осы оқиғаға қатысты ТЖД мен газ саласының мамандары сараптама жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал отбасының жақындары жарылыстан зардап шеккен туыстары аман қалса екен деп жандарын шүберекке түйіп отыр.