Түркістан
EN

Түркістан облысында өзенге құлап кеткен 4 жасар қыз әлі табылмады

125
24.03.2023

Түркістан облысында өзенге құлап кеткен 4 жасар қыз әлі табылмады. Қазір 30-дан астам жергілікті тұрғын іздеу жұмыстарына қатысып, өзен арнасындағы әрбір жыраны қарап жүр. Жалпы іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД-нің жеке құрамынан 50 қызметкер мен 1 кинологиялық есеп қызметі және 4 техника жұмылдырылған. Айта кетейік, 17 наурыз күні сағат 17:00 шамасында үлкендердің қарауынсыз, Арыс өзеніне ойнауға барған бүлдіршінді су ағызып әкеткен болатын.