Наурыз мейрамын тойлаған жұрт тегін таратылған тамақты көшеге шашып кеткен. Оқиға Алматы қаласында болған. Әлеуметтік желі де тараған бейнежазбадан қоқыс жәшігінің маңында шашылып жатқан нан кесектері мен ыдыстардан ақтарыла төгілген көжені көруге болады. Ысырап болған асқа ашынған автордың әлеуметтік желіге жүктеген видео бірден миллиондаған қаралым жинап, түрлі пікірлерге ие болды. Айта кетейік бұған дейін тегін асқа таласып жатқан тұрғындардың видеосы тараған болатын.