Наурыз мерекесін тойлау әлі де жалғасып жатыр. Түркиядағы қазақтар ұлыстың ұлы күнін ерекше форматта атап өтті. Бауырлас елде жүрген қандастарымыз жаңа жылды қара теңізде қарсы алды. Шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған Стамбулдағы «Шаңырақ» қазақ мейрамханасы екен. Анадолы жеріндегі мереке туралы тілшіміз тарқатады. Елден жырақ жүрсе де жыл басын бірге қарсы алуды ұйғарған 150-ге жуық қазақ таң ауа Мәрмәр теңізінің жағасына жиылды. Келген жұрттың жартысына жуығы осы елде тұрса, өзгелері Қазақстанға тауар тасумен айналысатын кәсіпкер. Сондай-ақ студенттер мен саяхатшылар да ұлыстың ұлы күнін тойлаудан қапы қалмады.
АСЫЛБЕК АЙМҰРАТҰЛЫ – ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Түркияның төрінде, қара теңіздің үстінде тойланған мереке Қазақстандағы шаралардан кем болмады. Келген қонақтарға наурыз көже таратылып, дәстүрлі тағамдар ортаға қойылды. Одан бөлек мерекені жандандыру үшін ұлттық ойындар да ойнатылды.
ІҢКӘР ӘБДІРАХМАНҚЫЗЫ – ҰЙЫМДАСТЫРШУЫ ТОП ЖЕТЕКШІСІ
Бүгінгі жиынның негізгі ұйытқысы Стамбулдағы көпке танымал «Шаңырақ» мейрамханасы. Оның негізін қалаушы Қазақстандық кәсіпкер Данияр Иманбақов. Ол шалғайдағы қандастардың басын қосуды көптен ойлап жүргенін айтады. Соның реті ұлыстың ұлы күнінде туған.
ДАНИЯР ИМАНБАҚОВ – «ШАҢЫРАҚ» МЕЙРАМХАНАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Мерекелік кеш қонақтары наурыз тойға құр қол келмей өз өнерлерін паш етті. Бірі қазақтың қара домбырасымен күмбірлете күй ойнаса енді бірі әуелете ән салды. Ал, ұйымдастырушы топ ерекше көзге түскен жандарға сыйлықтар үлестірді. Жырақта жүрсе де, өз қандастарын көріп көз айым болған жұрт шара соңында бірін-бірі қимай тарқасты.