Мереке күндері қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

131
21.03.2023 09:03

Түркістан Полицейлері мереке күндері қоғамдық тәртіпті қатаң сақтауға шақырады. Қазір түрлі мерекелік шаралар мен көңіл көтеру орындарына барынша жақындатылған арнайы патрульдік бағыттар әзірленген. Құқық қорғау органдары бірнеше күннен бері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ, мереке күндері Облыс орталығына автопатрульдер көптеп тартылатын болады. Оқиға орнына дер кезінде жету үшін қосымша жедел-тергеу топтары құрылды.  Адам көп жиналатын орындарда, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың аймақтық бөлімшелерінде полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік ететін болады.