Ерекше бүлдіршіндердің қатысуымен "Мейірімді Наурыз! атты мерекелік шара өтті

94
21.03.2023 09:02

Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз қарсаңында Келес ауданындағы ерекше бүлдіршіндердің қатысуымен "Мейірімді Наурыз!" атты мерекелік шара өтті. Оған Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы келіп, ізгі тілегін жеткізді. Сонымен бірге Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жай-күйімен танысып, алдағы уақытта орталық қызметін дамыту бойынша жұмыстар атқарылатынын жеткізді. Шара барасында бүлдіршіндер тарапынан мерекелік концерт ұйымдастырылып, қазақтың салт-дәстүріне сәйкес мекемеде ем қабылдап, аяққа тұрған бүлдіршіннің тұсауы кесілді. Көктемнің жайма шуағын сезінген тәлімгерлерде бүлдіршіндермен бірлесе әсем ән шырқап,«Қара жорға» биін билеп, көпшілікті өнерімен тәнті етті. Айта кетейік, орталықта жалпы саны - 60 бала тәрбиеленеді. Өткен жылдар аралығында орталықтан қызмет алған 12 бүлдіршін аяққа тұрып, қалыпты өмірге бейімделіп, мектеп қабырғасында білім алуда.