Жыл басы Жетісайда тойланды

103
21.03.2023 08:59

Әз наурыз өңірдің түкпір-түкпірінде тойланып жатыр. Шалғай жатқан Жетісай ауданының халқы да ұлттық мерекені атап өтуде. Мерекелік шара ерекше той-думанға ұласты. Ұлттық ойындардан жарыстар өткізіліп, қолөнер бұйымдары көпшіліктің назарына қойылды. Жаңа ауыл ауылдық округінен бастау алған мерекелік шара Қазыбек би, Ділдәбеков ауылдық округтерімен қатар Асықата кентінде жалғасын тапты. Қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің дәлелі болған тұрғындар түрлі ұлттық тағамдарға толы мерекелік дастархан ұйымдастырған. Жұртшылыққа аудан әкімі ыстық лебізін жеткізді.

СЕРІК МАМЫТОВ – ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ 

Әрі қарай үлкендер тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-наурыздың мән мағынасына тоқталды.Аудандағы түрлі ұл өкілдері бір біріне молшылық пен татулық, бақыт пен береке тіледі.Зиялы қауым өкілдері өнегелі сөздерін айтып, ақ батасын берді.

ҒАЛИЯ РАЙЫМҚҰЛОВА – ЕҢБЕК АРДАГЕРІ 

Сонымен қатар, мерекелік шараларда мектеп түлектерінің демеушілігімен еркін күрес, Арқан тартыс, кір тасы мен қошқар көтеру сынды спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаздар қаржылай және заттай бағалы сыйлықтарға ие болды.