Түркістан
EN

Түркістан облысының әкімі ұлыстың ұлы күнімен құттықтады

125
21.03.2023

Түркістан халқы Наурыз мейрамын тойлауды бастап кетті. Мерекелік шаралардың басым бөлігі "Керуен сарай" кешенінде өтіп жатыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды "Қош келдің, әз Наурыз" атты мерекелік салтанатты іс-шарасына қатысып, халықты Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. "Наурыз - күн мен түннің теңеліп, табиғаттың жаңарар шағы, бүкіл елдің бірлігін арттыратын мереке", - деп атап өтті аймақ басшысы. Бүгін қала қонақтары мен тұрғындары ұлттық спорттық ойындарға қатысып, этноауылға саяхаттай алады. Сондай-ақ, қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесін тамашалайды. Ұлттық тағамдардан дәм татып, мерекелік концертте түрлі өнерпаздардың өнеріне сусындайды. Таңертеңнен басталған мерекелік іс-шаралар қас қарайғанша жалғасады деп жоспарланып отыр.