Түркістан
EN

Түркістанда қара өрік өсіріледі

115
05.08.2021

Түркістан облысында аумағы 11 мың гектар болатын азық-түлік белдеуін қалыптасып келеді. Осы мақсатта 6 бірдей ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 400 гектар жерге қара өрік отырғызылды. Ол үшін бауырлас Түркия елінен жемістің жеті түрлі сортынан 220 мың дана көшет  әкелінді. Одан өзге биыл облыс орталығының іргесіндегі бос жатқан жерлерге қауын қарбыз егіліп, түсімін  берді. Бақша иесінің өзі ол жерден шамамен 3 мың тонна өнім аламыз деп жоспарлап отыр. Жиналған өнім ішкі нарықпен қатар, Ресей Федерациясына да экспортталуда.  Кәсіпкер ісін қайырымдылықпен бастағанды жөн санапты. 150 гектар аумаққа егілген қауын қарбызын ардагерлер үйі мен балалар орталығының балдырғандарына жөнелтті. Қала берді қай мекеме қанша көлемде өнім алам десе де рұқсат деп отыр.