Президент мерекемен құттықтады

96
21.03.2023 08:55

Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаев Қазақстандықтарды ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, бүгінгі әз наурызбен Жаңа Қазақстанның бейнесі толық үндесіп, Мемлекетіміз жаңа дәуірге қадам басқанын жеткізді. Бұл туралы президент елордадағы «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументі жанындағы алаңда мейрамға арналған іс-шарада айтты. Мемлекет басшысның айтуынша, азаматтарымыздың көзқарасы әртүрлі болғанымен, барлығының тілегі – бір. Бұл – елдің амандығы, мемлекеттің жарқын болашағы.