Наурыз мерекесі қарсаңында Түркістан қаласында I Халықаралық сауда көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Шараның басты мақсаты - ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі саласындағы жетістіктерді көрсету. Көрменің аясында қатысушылар тығыз байланыс орнатып, меморандумдарға қол қойылды. Форумға 100-ге жуық шетелдік және отандық белсенді бизнес өкілдері мен кәсіпкерлері арнайы қатысып, өз өнімдері мен тәжірибелерін ұсынды.