Түркістан
EN

Сайлау күні дүниеге келгендер

107
20.03.2023

Сайлау күні елімізде 609 нәресте дүниеге келді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарына дауыс беру күні 312 ер, 297 қыз бала жарық дүние есігін ашқан. Ал туу көрсеткіші жоғары Түркістан облысында саяси науқан қызған шақта 86 нәресте өмірге келді. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, барлығы 85 ана босанған. Өмірге келген сәбилердің 52-сі ер бала, 34-і қыз, оның ішінде 1 егіз бар.