Киіз басып, жүн түткен. Түркістандық жастар қойдың жүнін кәдеге жаратып, заманауи бұйымдар жасау ісін дамытып жатыр. Жастар ресурстық орталығында қолөнер шеберлігін тегін үйрететін үйірме ашылды. Толығырақ Әйгерім Айтмұхамбет баяндайды.
Киіз басу - ата-бабамыздан қалған өнер. Өкінішке орай уақыт өте келе төсеніштің бұл түрін дайындау ісі кенже қалды. Бүгінде киіз басып, жүн түтетін әжелер мен аналар жоқтың қасы. Алайда, өнерлі жастар киіз басу ісіне ерекше сипат беріп, заман талабына сай бұйымдар жасауды қолға алған. Жастар ресурстық орталығында ашылған үйірмеде шеберлік әдістері үйретіліп жатыр. Оқушылар жасаған қолөнер бұйымдарына сұраныс та бар.
9 сынып оқушысы. 4 жылдан бері қолөнер шеберлігімен айналысуда. Ата бабамыздың жұмыстарын яғни рухани жаңғыру дейді ғой сол жұмыстарды жаңғырту. Барлығын көзге көрсету. Қазір қолөнерді бағалайтын адамдар көп.
Шебер қыздар киіз басу үшін жүнді екі қабаттап салады. Сосын үстіне жібек жауып сулап, сабындау арқылы біріктіреді. Иленбеген, піспеген жартылай дайын жұқа киізді "талдырма" дейді. Ою-өрнекті әдетте осыған салады. Шеберханада Наурыз мерекесіне арнайы ұлттық нақыштағы жастықшалар, қолдорба, тақиялар жасалып жатыр. "Киізден жасалған орамалдар мен тақияларға сұраныс көп", - дейді қолөнер шебері. Оқушылар өздері дайындаған бұйымдарды сатып, шикізатқа ақша табады екен. Туристік орталық болғандықтан келген қонақтардың өздерімен алып кетуіне ыңғайлы заттар жасауды ойлап табу жоспарда бар. Қолөнер үйренемін деушілерді тегін курстарға шақырады.
Оқушылар өздері жасаған дүниелерді көрмелерде жарнамалап байқауларға қатысамыз. Оны сатып түскен қаражатқа түскен тағы шикізат аламыз.
Шеберлер бұйым жасауда дәстүрлі мәнерді сақтай отырып, өзінің авторлық тәсілдерін де тасада қалдырмайды. Шеберлігін шыңдап, білгенін шәкірттеріне үйретіп жүреді. Бар мақсаты - қолөнерді насихаттау.
Бұл картина қойдың жүнінен екі аптада жасалып шығарылған.